Таңдаулы орнату

Таңдаулы орнату – орнату үшін құрамдастарды таңдау және бағдарлама орнатылатын қалтаны көрсету ұсынылатын Басқару серверін орнату.

Орнатудың осы түрі көмегімен, сіз дерекқор параметрлерін, Басқару сервері параметрлерін конфигурациялай аласыз, стандартты орнатуға кірмейтін құрамдастарды және "Лаборатория Касперского" қауіпсіздік бағдарламаларын басқару плагиндерін орната аласыз. Сондай-ақ, Ұялы құрылғыларды басқаруды да қоса аласыз.

Жергілікті құрылғыға Kaspersky Security Center Басқару серверін орнату үшін,

орындалатын ksc_<нұсқа нөмірі>.<жинақ нөмірі>_full_<локализация тілі>.exe файлын іске қосыңыз.

Орнату үшін "Лаборатория Касперского" бағдарламалары таңдалатын терезе ашылады. Kaspersky Security Center Басқару серверін орнату сілтемесі бойынша бағдарламалар таңдалатын терезеде Басқару серверін орнату шеберін іске қосыңыз. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

Бұл бөлімде:

1-қадам. Лицензиялық келісім мен Құпиялық саясатын қарап шығу

2-қадам. Орнату түрі таңдау

3-қадам. Орнату үшін құрамдастарды таңдау

4-қадам. Kaspersky Security Center Web Console орнату

5-қадам. Желінің өлшемін таңдау

6-қадам. Дерекқорды таңдау

7-қадам. SQL сервері параметрлерін конфигурациялау

8-қадам. Түпнұсқалық растама режимін таңдау

9-қадам. Басқару серверін іске қосу үшін есептік жазбаны таңдау

10-қадам. Kaspersky Security Center қызметтерін іске қосу үшін есептік жазбаны таңдау

11-қадам. Ортақ қатынасы бар қалтаны анықтау

12-қадам. Басқару серверіне қосылу параметрлерін конфигурациялау

13-қадам. Басқару сервері мекенжайын белгілеу

14-қадам. Ұялы құрылғыларды қосу үшін Сервер мекенжайы

15-қадам. Бағдарламаларды басқару плагиндерін таңдау

16-қадам. Файлдарды мұрағаттан шығарып, қатты дискіге орнату

Сондай-ақ, қараңыз:

Негізгі орнату сценарийі

Басына оралу